Кәсіпкерді өлтірді деп айыпталған қазақстандық Ресейден елге жеткізілді
© Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылдың 21 ақпанында жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан, осыған байланысты ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкердің Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды.
Қаржылық келіспеушіліктерге байланысты олардың арасында жанжал туындап, қаскүнем жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған.
Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен.
Осы жылдың наурыз айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған айып тағылған қылмыс бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:55, 10 желтоқсан 2025
Алматыда түн ортасында көпқабатты үйлердің біріндегі автотұрақтан өрт шықты
-
10:47, 10 желтоқсан 2025
Оралда телефон алаяқтарына жәрдемдесті деген күдікпен ер адам ұсталды
-
10:35, 10 желтоқсан 2025
Абай облысында ер адам алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
10:23, 10 желтоқсан 2025
Қазақстанда бензин, дизель отыны және басқа мұнай өнімдеріне акциз мөлшерлері бекітілді
-
10:14, 10 желтоқсан 2025
Қазақстанда жұмыссыздар кәсіби біліктілігін тегін растай алады





