Оралда телефон алаяқтарына жәрдемдесті деген күдікпен ер адам ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Орал қаласы прокуратурасының үйлестіруімен телефон алаяқтары пайдаланған абоненттік нөмірлерді жаппай іске қосуға қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Алдын ала тергеу деректері бойынша күдіктілер өздерін Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, WhatsApp мессенджері арқылы "банктік шотты қорғау" деген жалған желеумен Орал қаласының тұрғынынан 10 млн теңгеден астам қаражатты алдап алған.
Қолданылған байланыс нөмірлерінің барлығы Орал қаласында тіркелгені анықталды. Жедел іс-шаралар барысында Алматы қаласының тумасы шілде айынан бері Оралда уақытша тұрып жатқан азамат қолға түсті.
Ол Telegram арқылы байланысқа шыққан қылмыстық топтың нұсқауымен SIM-карталарды бөгде адамдардың атына рәсімдеп, оларды WhatsApp-та тіркеп, әрі қарай басқаруды алаяқтарға беріп отырған.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде мобильді телефон, роутер, модем, SIM-карталарға арналған арнайы құрылғылар, түрлі операторлардың SIM-карталары және компьютерлік техника тәркіленді.
Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іске қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бағытында жедел шаралар жүргізілуде.
Осы жылдың басынан бері Орал қаласы прокуратурасының үйлестіруімен БҚО-да полиция алаяқтық топтар үшін абоненттік нөмірлерді жаппай рәсімдеумен айналысқан бес адамды, соның ішінде екі студентті анықтап, қылмыстық жауапқа тартты.
Полиция азаматтарға абоненттік нөмірлерді жалған тұлғаларға рәсімдеу немесе оларды үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Сондай-ақ күмәнді ұсыныстар немесе заңсыз әрекеттерге тарту белгілері байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:37, 10 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жүк көліктерінің қозғалысы шектелді
-
11:29, 10 желтоқсан 2025
Трамп Зеленскийге бейбіт келіссөздер бойынша талап қойды
-
11:16, 10 желтоқсан 2025
Атыраулық құтқарушылар қызыл жалын арасынан 11 адамды алып шықты
-
11:07, 10 желтоқсан 2025
Ақпарат министрі Аида Балаева Orda және «ҚазТАГ» жағдайына қатысты пікір білдірді
-
10:55, 10 желтоқсан 2025
Алматыда түн ортасында көпқабатты үйлердің біріндегі автотұрақтан өрт шықты





