Атырауда «Ашықтық, заңдылық, адалдық» форумы өтті
© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында "Ашықтық, заңдылық, адалдық" практикалық форумы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Нұрлан Еркебаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Форум үш бөлімді қамтыды.
Пленарлық сессияда мемлекеттік қызметтегі адалдық, құқықтық статистика, құқықбұзушылықтардың алдын алу және білім беру саласындағы академиялық адалдық мәселелері талқыланды. Салалық ведомство өкілдері талдау деректерін ұсынып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту тетіктері мен мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыру тәсілдерін баяндады.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Екінші бөлімде ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың комплаенс қызметінің офицерлері корпоративтік адалдық стандарттарын енгізу тәжірибесімен бөлісіп, ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.
Үшінші бөлім ашық микрофон форматында өтіп, қатысушылар сауал жолдап, ұсыныстар айтып, өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті бағыттарын талқылады. Форум соңында адалдық қағидаттарын ілгерілетуге үлес қосқан бірқатар азаматқа алғысхаттар табысталды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Форумда сөз сөйлеген облыс әкімі Серік Шәпкенов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстардың жүйелілігі маңызды екенін атап өтті:
"Биыл жергілікті атқарушы органдардың 80%-ы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 100-ге жуық нақты шара қабылдады. Мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік сатып алулар мен рұқсат беру рәсімдеріне енгізіліп жатқан цифрлық шешімдердің де тиімділігі жоғары", – деді Серік Шәпкенов.
Аймақ басшысы жастар арасында адалдық мәдениетін қалыптастырудың, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырудың және тұрғындар өтініштеріне жедел әрекет етудің де маңызына тоқталды.
"Біздің міндетіміз – тек заң бұзушылықтарды анықтау емес, ең алдымен олардың алдын алу. Бүгінгі форум мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуға мүмкіндік береді", – деді облыс әкімі.

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Іс-шара қорытындысы бойынша өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған, ашықтықты нығайту мен профилактиканы күшейтуді қамтитын жоспарға қол қойылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:51, 9 желтоқсан 2025
9 желтоқсандағы валюта бағамы: Астана, Алматы, Шымкент
-
12:43, 9 желтоқсан 2025
Мысырда әйгілі перғауынның қабірі бос болып шықты
-
12:32, 9 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
-
12:25, 9 желтоқсан 2025
Путин резервтегі ресейліктерді әскери жиындарға шақырды
-
12:11, 9 желтоқсан 2025
Ақмола облысында ірі қара белгісіз аурудан қырылды





