«Қазпошта» БҚО филиалында жеке тұлғалар шотынан ақша ұрланғанын растады

10:38, 4 наурыз 2021

© Сурет: uralskweek.kz

"Қазпошта" АҚ өзінің Батыс Қазақстан облыстық филиалында жеке тұлғалардың шоттарына байланысты заңға қайшы әрекеттер жасалғанын растады, деп хабарлайды zakon.kz "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл факт ішкі ревизияның барысында анықталды. Оған кінәлі адамдар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына тиісті процессуалды шаралар қабылдау үшін жіберілді.

Сонымен қатар аталған факт бойынша ішкі қызметтік тексеру жүргізілуде.

Клиенттердің шоттарында қаржының жетіспеушілігі расталған жағдайда оны "Қазпошта" АҚ толық көлемде қайтарады.

Тексеру қорытындысы бойынша қосымша мәліметтер ұсынылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!