«ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды
© Фото: Zakon.kz
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Қордай аудандық сотымен "ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары Д. Тультаев, "ДорСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі У. Құрбанов және "Алматы Сапа Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Д. Мұсақұл сотталды.
Олар қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу пунктін салу, кеңейту және реконструкциялау кезінде 296 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды.
Жымқыру орындалмаған жұмыстар актілеріне қол қою, сол жұмыс түрлеріне екі есе ақы төлеу, жабдықтың құнын асыра бағалау және заттарды аз жеткізу жолымен жасалған.
Тультаев пен Құрбановқа тиісінше 10 жыл мерзімге жол-құрылыс жұмыстарымен және құрылыс жұмыстары саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, әрқайсысына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен Мұсақұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 10 жыл мерзімге инжинирингтік қызметтер көрсетумен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:36, 27 желтоқсан 2024
Қостанай облысында жолаушылар мінген шағын автобус жолда қалып қойды
-
22:28, 27 желтоқсан 2024
Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады
-
21:47, 27 желтоқсан 2024
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
-
21:17, 27 желтоқсан 2024
Шаңғымен трамплиннен секіруден төрт қазақстандық спортшы Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
-
20:45, 27 желтоқсан 2024
Оралда ер адамның шырша ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды