Қазақтың белгілі театр және кино актері қайтыс болды

15:08, 10 қыркүйек 2024

© Сурет: Instargam/usipkhanseitimbet

Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, қазақстандық актер Үсіпхан Сейтімбет қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қараша айында 63 жасқа толар еді.

Үсіпхан Сейтімбет Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Игілік ауылында дүниеге келген. Республикалық эстрадалық өнер студиясы мен Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер институтында білім алған. 1990 жылдан Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында қызмет етті. 1999 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына қабылданды.

"Құрмет" орденінің иегері (2019), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медалінің иегері (2016), "Мәдениет саласының үздігі" медалінің иегері (2018).

Шығармашылық жылдарында театрда 50-ден астам рөлдерді сомдап, "Сүйінші", "Күйеу бала", "Айман-Шолпан", "Алдар көсе" сынды фильмдерге түсті.

Үсіпхан Сейтімбет 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысып, сол үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

3 қыркүйекте белгілі қазақстандық режиссер Әзиз Заировтың қайтыс болғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!