Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін Қазақстанның бірден үш ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Осыған байланысты тұрғындарға көшеде көп жүрмеу керектігі ескертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылды:
"2026 жылғы 1 қыркүйекте Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына сыртта жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе автожолдардың маңында немесе басқа да ластану көздеріне жақын жерде ұзақ уақыт болмаған жөн.
Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүрген кезде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.
Еске слайық, 2026 жылғы 31 тамызда Павлодар, Ақтөбе, Астана және Атырау тұрғындарына да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасалған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:44, 1 қыркүйек 2026
Президент тапсырмасымен қайта жаңғыртылған Жамбыл облысындағы Түрксіб вокзалы пайдалануға берілді
-
10:25, 1 қыркүйек 2026
2027 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы мөлшері қандай болады
-
10:07, 1 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
-
09:57, 1 қыркүйек 2026
Алматыда әлеуметтік желіде балағат сөз қолданған екі адам жазаланды
-
09:41, 1 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Словакия Президентін Конституция күнімен құттықтады





