Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

09:13, 25 сәуір 2026

© Фото: unsplash

Синоптиктер 2026 жылғы 25 сәуірде Қазақстанның жеті қаласының тұрғындарына ауа сапасының нашарлайтыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 25 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде зиянды (ластаушы) заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүруді шектегені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2026 жылдың наурыз айында Қазақстанның 68 елді мекенінде атмосфералық ауа сапасына жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!