2 млн тонна қалдық жиналды: Экология министрі «Таза Қазақстан» акциясының аралық қорытындысын мәлімдеді
© Сурет: akorda.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі президентке берген есебінде "Таза Қазақстан" акциясы басталған екі жыл ішінде 1,5 мың экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Нысанбаевтың айтуынша:
- 2 жыл уақыт аралығында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық тал егілген.
- Жыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллион адам, соның ішінде 780 мың волонтер қатысады.
- 2021-2025 жылдары орман қорын толықтыру үшін 1 миллионнан аса гектарға 1 648,4 миллион түп көшет отырғызылған.
Сонмен қатар, елді мекендерде бес жыл ішінде 18,4 миллион ағаш егілді. Алдағы уақытта 1 760 мың гектар жерді қамтитын 46 экоаумақ құрылады.
Іс-шараға Ақсу-Жабағылы табиғи қорығынан Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров пен эковолонтер Аида Мақанбай, Жайық жағасынан Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев пен экобелсенді Нұрсұлтан Сәрсенбаев, Шығыс Қазақстан облысынан аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Үлбі металлургия зауытының басқарма төрағасы Сергей Бежецкий, Баянауылдан Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен "Жасыл ел" Павлодар облысы штабының жетекшісі Русана Сулаймонова бейнебайланыс арқылы қосылып, жалпыұлттық экологиялық акция аясында өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Бұған дейін Астанада абаттандыру қалай жүріп жатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 25 сәуір 2026
Атырауда автобус 9 жастағы оқушыны қағып кетті
-
15:33, 25 сәуір 2026
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
-
15:00, 25 сәуір 2026
Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде – Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді
-
14:49, 25 сәуір 2026
Елордада көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты
-
14:20, 25 сәуір 2026
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті





