Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден озды
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер, театр режиссері, профессор, платиналы "Тарлан" тәуелсіз сыйлығының, "Парасат" және "Барыс" ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 16 сәуірінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі таратты.
Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын.
Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек.
"Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!" ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Zakon.kz ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 19 мамыр 2026
Атырауда 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
-
22:45, 19 мамыр 2026
Семейлік мектеп оқушысы прокурорға сенім артып, өгей әкесінің зорлығынан құтылды
-
22:01, 19 мамыр 2026
Алматыда 2 мыңнан астам адамды кене шаққан
-
21:40, 19 мамыр 2026
Нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: ұлттық құраманың тізімі
-
21:18, 19 мамыр 2026
Дзюдодан Эстониядағы European Open турнирінде ел намысын кімдер қорғайды





