Қазақстанның бүкіл өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады

12:42, 20 қараша 2024

© Сурет: pixabay

Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) маңызды мәлімдеме жасалды. Ведомство Қазақстанның барлық қаласында 2024 жылғы 21 қарашада дабыл белгісі қосылатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау" тақырыбында "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.

Практикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілетін болады.

РКШОЖ шеңберінде азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізу жоспарланған.

"21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдары мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирі қармалады". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл іс-шара халықтың "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізілетіні нақтыланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!