Сыр өңіріне 1.4 трлн теңге инвестиция тартылды
© Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестицияларды тарту. Биыл жоспарланған 517,5 млрд теңге меженің 478,3 млрд теңгесіне 10 айда қол жеткізілді. Соңғы үш жылда 30,3 млрд.теңгенің 35 инвестициялық жобасы іске қосылды.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Атап өту қажет, өңірге бекітілген индикатор соңғы екі жыл қатарынан артығымен орындалуда. 2022 жылы 373,5 млрд. теңге индикатор белгіленген еді, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 10,6%-ға артығымен орындалып, 413,3 млрд.теңге болды. Ал, өткен жылы 424,2 млрд.теңге индикатор бекітіліп, жоспар 21%-ға артығымен орындалды, яғни 513,7 млрд.теңге инвестиция тартылды", — деді Н.Нәлібаев.
Қызылорда көрсеткіштің өсу қарқыны, жоспарлы көрсеткіштің орындалуы бойынша өңірлер арасында І орынға шықты.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өнеркәсіп саласының дамуына серпін берген шыны зауыты арқылы өндіріске 42 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қажетті шикізаттар шетелден, әсіресе Ресейден, Өзбекстаннан тасымалдануда. Зауыт іске қосылғаннан бері 37,1 млрд. теңгенің 28,7 млн. шаршы метр шынысын өндірді. Өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузияға және Ресейге экспортқа жіберіледі. Қазіргі таңда зауытта 400-ге жуық адам жұмыс жасауда.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Инвестиция тарту, өндірістік кооперацияны дамыту, жаңа жобаларды іске асыру үшін шетелдік компания басшылары, дипломатия өкілдері облысқа жұмыс сапарымен келіп, кездесулер ұйымдастыруда. Аймақта инвесторларға қолайлы климат қалыптасты деп айтуға толық негіз бар.
Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сыр өңірінде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобалар қатарында "Болат Өтемұратов қорының" демеушілігімен салынған "Қорқыт ата әуежайының" жаңа терминалы бар. "Акса Энерджи" түрік компаниясының инвестициясына қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:26, 20 қараша 2024
Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин: 2019 жылдан бастап Қазақстан азаматтығынан шыққандар саны 16 еседен астам азайды
-
14:59, 20 қараша 2024
Алматыдағы «тәжірбиелі» қалта ұрыларының жұмыс барысы камераға түсіп қалды
-
14:37, 20 қараша 2024
ҰҚК Ақтау қаласына есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды
-
14:15, 20 қараша 2024
Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қызылорда-Павлодар тас жолының 400 км-ден астам бөлігі уақытша жабылды
-
13:51, 20 қараша 2024
Бас прокуратура Оқу-ағарту министрлігінің жұмысын сынға алды