Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық, найзағай, дауыл күтіледі

19:48, 11 тамыз 2026
MKZ: 1560816

© Фото: pixabay

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылады. Синоптиктер аптап ыстықпен қатар найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және қатты жел болатынын ескертті. Кей өңірлерде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаев қ.: күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: түнде аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: түнде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-39 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысы бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!