Жеткіліктілік шегінің көтерілуінен кейін ипотекаға берілген өтінімдер саны өзгерді ме
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова 2026 жылғы 11 тамызда Үкіметтегі брифинг барысында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін белгіленген жеткіліктілік шегінің көтерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Атап айтқанда, ол жеткіліктілік шегінің көтерілуі қазақстандықтардың ипотека рәсімдеуге берген өтінімдерінің санына қалай әсер еткенін айтты.
"Зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегінің көтерілуі "Отбасы банктегі" қаражат түсіміне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 20%-дан асты, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 800 млрд теңгені құрады. Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі тұрғын үй құрылыс жинақтары салымдарына пайдаланылды. Яғни адамдар сол арқылы өздерінің жинақтау тарихын қалыптастырады. Сондықтан шілде-тамыз айларында біз өтінімдер санының артқанын байқап отырмыз... Қорыта айтқанда, жеткіліктілік шегінің көтерілуіне байланысты ешқандай өзгеріс байқалмайды", – деді Ибрагимова.
Сондай-ақ ол ипотекалық өтінімдер бойынша бас тарту саны да артпағанын айтты.
"Бас тарту саны бұрынғы деңгейде қалды. Бізде ипотекалық өтінімдер бойынша бас тартуды скорингтік жүйе автоматты түрде жүзеге асырады. Ол шешім қабылдау кезінде негізінен клиенттің бұрынғы кредиттік тарихына – қарыздары мен мерзімі өткен төлемдеріне сүйенеді", – деп толықтырды Ибрагимова.
Бұған дейін Қазақстанда банктердің арнайы жарна төлеу қағидалары бекітілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 11 тамыз 2026
Мемлекет басшысы Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
15:47, 11 тамыз 2026
Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді
-
15:34, 11 тамыз 2026
Алматыда жаңбыр, Шымкентте +42°С аптап: 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамы
-
15:24, 11 тамыз 2026
Айына 441 мың теңге және тегін оқу: Қазақстандық студенттерге жақсы жаңалық
-
15:18, 11 тамыз 2026
Енді жасанды интеллект жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарға көмектесе алады





