Ақауы бар көлік үшін 7,3 млн теңге төлеген қазақстандық сотта жеңіске жетті
© Фото: Zakon.kz
Қазақстандық әйел ЖШС-ден 2024 жылы шығарылған Chevrolet Onix Premier автокөлігін 7,3 млн теңгеге сатып алған. Алайда көліктен ақау анықталып, дау сотқа дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 тамызда хабарлағандай, көлік сатып алушыға берілмей тұрып, ол тәуелсіз техникалық диагностика жүргізуді ұйымдастырған. Тексеру нәтижесінде автокөліктен бірқатар ақау анықталды.
Осыған байланысты әйел сатушыдан сатып алу-сату шартын бұзып, төлеген ақшасын қайтаруды талап еткен. Алайда автосалон оның талабын қанағаттандырудан бас тартты.
"Осыдан кейін сатып алушы сотқа жүгініп, сатып алу-сату шартын бұзуды, төленген қаражат пен тұрақсыздық айыбын, банктік қарыз шарты бойынша ай сайын төлеген соманы өндіріп алуды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді талап етті", – деп хабарлады сот.
Бірінші сатыдағы сот әйелдің талап қоюын қанағаттандырмай, оны автокөлікті қабылдауға міндеттеді. Бұл шешіммен келіспеген сатып алушы апелляциялық шағым түсірді.
Істі қайта қараған Қостанай облыстық соты сатып алу-сату шартын бұзуға және көлік үшін төленген 7,3 млн теңгені сатушыдан өндіріп алуға негіз бар деген қорытындыға келді.
"Сот алқасы автокөлік сатып алушыға іс жүзінде берілмегенін ескеріп, банктік қарыз шарты бойынша ай сайынғы төлемдер мен тұрақсыздық айыбын өндіру талабын қанағаттандырмады. Өйткені сатып алушы анықталған ақауларға байланысты көлікті қабылдаудан бас тартқан. Моральдық зиянды өтеу туралы талапты қарау кезінде сот алқасы ақылға қонымдылық, мөлшерлестік және әділдік қағидаттарын басшылыққа алып, ЖШС-ден талап қоюшының пайдасына 100 мың теңге өндірді", – деп хабарлады Жоғарғы сот.
ЖШС-нің сатып алушыны автокөлікті қабылдауға міндеттеу туралы қарсы талап қоюы қанағаттандырылмады.
Осылайша, бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, автокөлікті сатып алу-сату шарты бұзылды. ЖШС-ден талап қоюшының пайдасына көліктің құны – 7,3 млн теңге және моральдық зиян үшін 100 мың теңге өтемақы өндірілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық Lexus LX 600 автокөлігі үшін төлеген 79 млн 490 мың теңгесін сотқа жүгінбей-ақ қайтарып алған еді. Мұны қалай жасауға болатынын осы жерден оқуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:05, 11 тамыз 2026
Ақтөбеде 26 жасар жігітті тойда өлтіріп кетті
-
10:55, 11 тамыз 2026
10 күнде 70 әрекет: ҰҚК Қазақстаннан заңсыз әкетілмек болған шетел валюталарын көрсетті
-
10:42, 11 тамыз 2026
Грузияда ауырсынуды басатын дәрімен ұсталған қазақстандық 15 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін
-
10:37, 11 тамыз 2026
Қазақстандықтарға пластик пакеттерге қатысты үндеу жасалды
-
10:18, 11 тамыз 2026
Оңай ақшаға құныққан 22 жасар қазақстандық сотты болды





