Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады

17:28, 20 қыркүйек 2017

Еліміздің 7 облысында дабылды ескерту жарияланды.

22-23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 22-24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (соңы қарға ауысады) күтіледі, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде температура 1-6 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-10 жылы болады.

Ал Ақтөбе, Қостанай облыстарында 22-23 қыркүйекте түнде 0-5 жылы, кей жерлерде 1-3 аязға дейін, күндіз 5-10, кей жерлерде 15 градусқа дейін жылы болуы ықтимал.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!