Қазақстанның ауыл шаруашылығына 63 мың маман қажет
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында елдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға деген қажеттілігін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамына сәйкес, 2030 жылға дейін жалпы 883 мың маман қажет болады, оның ішінде 63 мың адам, яғни 7%-ы – агроөнеркәсіптік кешенге арналған.
"Агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттіліктің 88%-ын біліксіз немесе жұмысшы кадрлары құрайды, ал 12%-ы – жоғары білімді мамандар", – делінген жауапта.
Сонымен қатар, премьер-министр атап өткендей, ауыл шаруашылығы саласы үшін кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын ұлғайып келеді.
2025 жылы "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" бағытында 3 018 грант қарастырылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 67 грантқа көп, ал "Ветеринария" бағытында – 1 451 грант, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 271 грантқа артық.
"Сонымен қатар, 2021 жылы ауылдық квота көлемі 30%-дан 35%-ға дейін ұлғайтылды. Аграрлық мамандықтар үшін ҰБТ минималды шекті балы 60-тан 50-ге төмендетілді. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" бағыты бойынша 310 грант және "Ветеринария" бағыты бойынша 92 грант бөлді", – деп қосты Бектенов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге 94 млрд теңге инвестиция бағытталмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 23 ақпан 2026
АҚШ құрамасы араға 46 жыл салып хоккейден Олимпиада «алтынын» жеңіп алды
-
13:03, 23 ақпан 2026
Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін
-
12:50, 23 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
-
12:47, 23 ақпан 2026
2026 жылғы референдум: Алматыдағы дауыс беруге құқығы бар азаматтар саны аталды
-
12:34, 23 ақпан 2026
Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды





