Қазақстаннан Вьетнамға дейін: бес елден 120 азамат онлайн-казино қызметін дөңгелетіп отырған
© Сурет: unsplash
ҚР ҚМА трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасын әшкерледі. Онда ақша төлем ұйымдары арқылы өткізіліп, заңды операциялар ретінде жасырынып, онлайн-казиноның пайдасына шығарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпарға сүйенсек, схеманы жүзеге асыру үшін финтех-сервистердің иелері букмекерлік кеңселермен жасалған жалған шарттар негізінде алынған "сұр" POS-терминалдар мен Terminal ID қолданған.
"Қазіргі уақытта заңсыз операциялардың анықталған көлемі 600 млрд теңгеден асады. Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған",- делінген ақпаратта.
Мамандар атап өткендей, төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталықтың қызметі тоқтатылды.
"Оның заңсыз жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан құралған 120 адам тартылған".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, Call-орталық ұйымдастырушылары криптовалюта арқылы қаражат қабылдап, шығаруды жүзеге асырған гемблинг негізіндегі серіктестік бағдарламасын құрған.
Оның айналымы 200 млн USDT-тен асып түсті.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында 70-тен астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
"Сот санкциясымен, олардың ішінде "Төлем ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басшысының кеңесшісі бар тоғыз тұлғаға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта олардың ішінде шетел азаматтары бар сегіз адамды халықаралық іздеуге жариялау үшін материалдар дайындалуда".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Сонымен қатар, агенттік жеке және заңды тұлғаларды заңсыз құмар ойындарды ілгерілетуге қатысуға жол берілмейтіні жөнінде тағы да қатаң ескертеді.
"Онлайн-казино қызметі заңды бұзып қана қоймай, лудоманияның таралуына себеп болады. Осыған байланысты заңсыз құмар ойындарға көмек көрсетуге бағытталған кез келген әрекет қылмыстық қызметті ұйымдастыруға жәрдемдесу ретінде бағаланып, сөзсіз қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС қалай есептелетіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:56, 8 желтоқсан 2025
Доллардың бағамы 8 желтоқсандағы саудада қайта өсті
-
15:47, 8 желтоқсан 2025
«Соққы жасады да, жасырынды»: Астанада жоғары лауазымды полицеймен болған оқиғаға түсініктеме берілді
-
15:34, 8 желтоқсан 2025
«Барлық тісті бірден емдеу» – балаларға жалпы наркоздың қауіптілігі айтылды
-
15:21, 8 желтоқсан 2025
Қазақстанның қай қалаларында тұрғындар есімін жиі өзгертеді
-
15:15, 8 желтоқсан 2025
Шымкентте жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар анықталды





