Қазақстанмен арадағы Қырғызстан шекара қызметінің күшейтілу себебі белгілі болды

13:49, 30 қазан 2020

Қырғызстанның мемлекеттік шекаралары күзетін күшейту бұрын жоспарланған ведомствоішілік шаралармен байланысты, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Департамент құпиялықа сүйене отырып, қосымша түсініктеме беруден бас тартты. Сонымен бірге, Шекара қызметі де бұл арада алаңдауға еш негіз жоқ деп сендіреді. Республика шекараларында жағдай тұрақты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің бөлімшелері мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша күшейтілген қызметке көшкені белгілі болды.

Тиісті бұйрыққа Президент міндетін атқарушы - Премьер-министр Садыр Жапаров қол қойды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!