Қазақстанға ұшып келіп, елге тіл тигізген шетелдікке айыппұл салынды
© Фото: polisia.kz
Қоғамдық тәртіпті бұзған 52 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР көлік полициясының мәліметінше, ер адам Стамбұл – Орал рейсімен келгеннен кейін паспорттық бақылаудан өту кезінде ұсталған.
"Бақылау залында ер адам Қазақстан Республикасына қатысты балағат сөздер айтып, тіл тигізген. Полицейлер оны кезекші бөлімге жеткізіп, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ шетелдікпен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының талаптары мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді", – деп хабарлады полиция 2026 жылғы 8 қазанда.
Сот шетел азаматын кінәлі деп танып, оған айыппұл салды. Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі ескертілді.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысынан жеті шетелдік елден шығарылып, оларға Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:07, 11 қараша 2026
Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек
-
08:58, 11 қараша 2026
Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті
-
08:41, 11 қараша 2026
«Қазгидромет» Астана және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасады
-
08:22, 11 қараша 2026
Қазақстанның 12 өңірінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады: 11 қарашаға арналған жол болжамы
-
08:09, 11 қараша 2026
10 жылдан астам отасқан әйелін тастап, жас қызға үйленген ер адам сотталды





