Қазақстанға Ираннан +41°С-қа дейінгі аптап ыстық келеді

12:18, 7 тамыз 2026
MKZ: 1560142

© Фото: freepik

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. Соның салдарынан елде аптап ыстық әрі негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда болжамды кезеңнің соңына қарай республиканың батысы мен солтүстік-батысына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

"Кезеңнің басында Қазақстанның шығысында, сондай-ақ барлық күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында оңтүстік циклонның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Сонымен қатар ел аумағын аптап ыстықтың кезекті толқыны басады.

Иран аумағынан келетін жылы ауа массалары ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне себеп болады:

  • солтүстік пен шығыста ауа температурасы +35...+39°С-қа дейін;
  • оңтүстікте +35...+41°С-қа дейін;
  • батыс және орталық өңірлерде +36...+41°С-қа дейін көтеріледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын ескерткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!