«Қазақстанға циклон жылжып келеді». 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы
© Сурет: pixabay
Қазақстанның басым өңірінде алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 3 шілдеде қолайсыз ауа райы күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, еліміздің орталығында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Республика аумағының басым бөлігінде ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпін алады деп күтіледі, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жауса, солтүстікте, шығыста дауыл тұрады... Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК
Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық мынандай қауіпті құбылыстар барын ескертеді:
- жоғары өрт қаупі - Абай облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Павлодар өңірінің батысында, СҚО, ШҚО, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының орталығында;
- төтенше өрт қаупі - Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 2025 жылғы 3-5 шілде аралығына арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:36, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
-
12:35, 18 желтоқсан 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді
-
12:24, 18 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген





