Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
© Фото: Zakon.kz
"Qazaqstan" телеарнасы Димаш Құдайбергеннің "Stranger" атты концертінің телевизиялық нұсқасын көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай "Qazaqstan" телеарнасы көрермендерге Димаш Құдайбергеннің "Stranger" концертін тарту етті. Бұл жай ғана музыкалық кеш емес, әлемдік деңгейдегі ауқымды шоу. Онда қазақтың ұлттық нақыштары мен заманауи музыкалық технологиялар шебер үйлесіп, ерекше сахналық көрініс қалыптастырған.
Концерттің теленұсқасына Димаштың әкесі мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлері де қатысты. Қазақстандық өнерпаздың шығармашылығын сүйетін көрермендер оның сахнаға қалай дайындалатынын, бишілер мен музыканттардың дайындықтары қалай өтетінін, сондай-ақ концерт алдындағы үлкен команданың жұмысы қандай болатынын тамашалай алады.
Алматыдан бастау алған "Stranger" концерттік бағдарламасы 2022–2025 жылдар аралығында әлем бойынша мыңдаған жанкүйерді біріктірді. Тур аясында әртіс Алматы, Ереван, Анталья, Куала-Лумпур, Гонконг, Будапешт, Ыстамбұл, Астана, Прага, Дюссельдорф, Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон, Берлин және Рига қалаларында өнер көрсетті. Әлемдік турдың соңғы нүктесі Латвияның астанасы Рига қаласы болды.
Бұған дейін Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:21, 18 желтоқсан 2025
Алматыда заңсыз салынған базар сүріліп жатыр
-
14:17, 18 желтоқсан 2025
Сенат Салық кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады
-
14:08, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбе облысында полицейлер жоғалған әжені жедел тапты
-
13:57, 18 желтоқсан 2025
Стоматологиядағы бала өлімі: анестезиологтың адвокаты сот тергеуін қайта бастауды талап етті
-
13:45, 18 желтоқсан 2025
СҚО-да 5 млн теңгеге жуық интернет-алаяқтық дерегі тергелуде





