Қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертілді

13:33, 21 шілде 2026
MKZ: 1557216

© Фото: pixabay

Қазақстандықтарға жеке деректер мен қаржыны кибералаяқтардан қалай қорғауға болатындығы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2026 жылғы 21 шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарға жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау үшін цифрлық қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды.

Ведомство атап өткендей, ең көп таралған киберқауіптер қатарында фишингтік шабуылдар, залал келтіретін бағдарламалық қамтамасыз ету, құпиясөздерді іріктеу және әртүрлі алаяқтық схемалар болып қала береді.

Ерекше қауіп төндіретіні – жасанды интеллект технологиялары. Қаскөйлер оларды шынайы көрінетін фишингтік хабарламаларды, сондай-ақ дипфейктерді – жалған дауыстық және бейнежазбаларды жасау үшін пайдаланады.

Киберқауіптерден қорғану үшін мынадай қарапайым қағидаларды сақтау ұсынылады:

  • бөгде адамдарға жеке деректеріңізді және құжаттарыңыздың көшірмелерін бермеңіз;
  • құжаттардың, банк карталарының және өзге де құпия деректердің фотосуреттерін ашық қолжетімділікке жарияламаңыз;
  • жеке немесе қаржылық ақпаратты қамтитын құжаттарды сенімділігі расталмаған жасанды интеллект сервистеріне жүктемеңіз.
  • күрделі әрі бірегей құпиясөздерді пайдаланыңыз, екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
  • құпиясөздерді, SMS-кодтарды және растау кодтарын ешкімге хабарламаңыз.

Сондай-ақ, ведомство ақшаны шұғыл аударуды немесе құпия ақпаратты хабарлауды сұрайтын өтініштерге сенбеуге шақырады.

"Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қандай да бір бағдарламаларды орнатпаңыз, күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда ұйыммен оның ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз хабарласыңыз. Сондай-ақ, құрылғыларыңыздың және банктік сервистердің қауіпсіздігін тұрақты түрде бақылап, қосылған қолданбаларды және операциялар бойынша хабарламаларды тексеріп отырыңыз",- делінген құзырлы орган ақпаратында.

Бұл ретте, жеке деректеріңіздің жария болып кету қаупі туындаған жағдайда, құпиясөздеріңізді дереу өзгертіңіз, банк картаңызды немесе қашықтан банктік қызметтерге қолжетімділікті бұғаттаңыз, банкке хабарлаңыз және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Агенттік атап өткендей, мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының қызметкерлері телефон арқылы банк картасының деректемелерін, растау кодтарын, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты сұратпайды.

Бұған дейін пошта қызметтерін ұсыну ережелері өзгергенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!