Қазақстандықтарға несие алудан ерікті түрде бас тартуға болатындығы еске салынды
© Фото: pexels
Қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта алады. Бұл туралы бүгін, 5 желтоқсанда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шектеудің қолданылу мерзімі шектелмегені, қажет болған жағдайда оны кез келген уақытта алып тастауға болатындығы атап өтілді.
Қызмет тек азаматтардың өздеріне ғана қолжетімді.
Қызметті eGov.kz порталы арқылыда алуға болады, ол үшін:
- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Кеден және салықтар" бөліміне өтіңіз;
- тізімнен "Экономика және қаржы" бөлімін таңдап, "Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту" қызметін таңдаңыз;
- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;
- көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.
Түсінікті болу үшін мамандар бейнеролик те ұсынды.
Бұған дейін Қазақстанда мектептер мен балабақшаларға жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізілетінін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:41, 5 желтоқсан 2025
Стоматологиядағы бала өліміне қатысты сарапшы пікір білдірді: Мұндай талдаулармен бәрін тоқтату керек еді
-
16:35, 5 желтоқсан 2025
Қаржы министрлігі салық төлеушілер үшін жағымды жаңалықтармен бөлісті
-
16:24, 5 желтоқсан 2025
Теңгемен жинақ депозиттері: қазақстандық салымшылар нені ескеруі керек
-
16:12, 5 желтоқсан 2025
Талдықорғанда жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталды
-
16:06, 5 желтоқсан 2025
Қазақстандағы ең жоғары инфляция қай қалада тіркелді





