Теңгемен жинақ депозиттері: қазақстандық салымшылар нені ескеруі керек

16:24, 5 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі жинақ депозиттері халық арасында танымал болып келе жатқанын мәлімдеді. Сондықтан мамандар осы қаржы құралының негізгі ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қордың мәліметінше, 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жинақ салымдардың көлемі 46,6%-ға, ал бір жыл ішінде 59,7%-ға немесе 1,4 трлн теңгеге өсіп, 1 қарашаға қарай 3,8 трлн теңгеге жетті.

1. Ақшаңызды салымның бүкіл мерзіміне қалдыруға дайынсыз ба?

Жинақ салымдар ақшаларын салымда мерзімі аяқталғанша сақтауды жоспарлаған және мерзімінен бұрын алмайтындықтарына сенімді салымшылар үшін тиімді қаржы құралы.

Қазақстандық банктерде мерзімі бір айдан екі жылдан астам уақытқа дейін болатын жинақ салымдар қолжетімді. Ең танымал ұсыныс – 3 ай, 6 ай және бір жыл.

Бұл ретте мерзімді дұрыс жоспарлау өте маңызды. Өйткені жинақ салымдар шын мәнінде мерзімінен бұрын алуға болмайтын салымдар. Одан тіпті ішінара да ақша алуға болмайды. Тек мерзімінен бұрын толық көлемде алуға рұқсат етілген. Бұл жағдайда банк есептелген сыйақыны мүлдем дерлік жояды, ал ақша иесіне тек 30 күннен кейін ғана қайтарылады. Мұндай талаптар барлық банкте бірдей, себебі Азаматтық кодексте солай қарастырылған.

Сондықтан егер жинақ ақшаңызды жинақ салымға көтеріңкі пайызбен орналастыруға дайын болсаңыз, ҚДКБҚ сарапшылары қарапайым мерзімсіз салымда қажетті мөлшерде ақша қалдыруға кеңес береді. Ол пайызы жинақ салымға қарағанда төмен болса да ақшаңызды инфляциядан қорғайды және оған кез келген уақытта ақша салуға, сондай-ақ одан азайтылмайтын қалдықтан жоғары кез келген соманы алуға болады.

2. Банк депозитіне ірі жинақ ақшаны қорғаушы ретінде қарайсыз ба?

Қандай мақсатқа болсын – бастапқы жарнаға, білім алуға, ірі сомада сатып алуларға ақша жинау керек болсын, немесе жылжымайтын мүлікті сатудан түскен ақшаны сақтау керек болсын, жинақ салымдар екіжақты қорғанысқа ие.

Біріншіден, ақшаларыңыз көтеріңкі жарналар есебінен инфляциядан қорғалады. Банктердің сайттарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қазіргі сәтте толықтыру мүмкіндігіне қарай мерзімі 6 айлық жинақ салымдар бойынша табыстылық жылдық 18,6%-20%-ға жетуде. Ағымдағы инфляция деңгейі 12,4% болып тұрған шақта, нақты табыстылық, яғни жинақ ақша өзінің сатып алу қабілетін сақтап қана қоймай әрі табыс әкелетін "аймақ" 7%-дан асуы мүмкін.

Екіншіден, теңгелік жинақ салымдар бүгінде қазақстандық нарықта қорғанысы ең жоғары қаржы құралы болып табылады. Жеке тұлғалардың ислам банктерінен басқа, отандық банктерде ашылған депозиттері бойынша кепілдіктер қарастырылған.

3. Сіз үздік ұсыныстарды таңдай отырып, депозит нарығындағы үрдістерді бақылауға дайын болсаңыз

Қазақстандық банктерде толықтыру құқығы жоқ және толықтыру құқығы бар жинақ салымдар қолжетімді. Біріншісі бойынша мөлшерлемелер жоғары, бірақ екіншісі егер табыстылығы жоғары және болашақ жинақ ақшалар үшін болса, ағымдағы табыстылықты тиянақты етуге мүмкіндік береді. Барлығы ағымдағы талаптарға байланысты.

Іс жүзінде жинақ салымдар сегменті – толықтыру құқығы бар болсын-жоқ болсын, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің динамикасына ден қояды.

"Қашанда салым бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне ғана емес, сондай-ақ банктің беделі мен сенімділігіне көңіл бөлуге, оның қаржылық ахуалын бағалауға және жаңалықтарына мониторинг жасауға жауапкершілікпен қарауға және тіпті, сенімділігі жоғары болса да жинақ ақшаларын кепілдік берілген максималды сома шегінде орналастыру керек",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін қазақстандықтарға несие алудан ерікті түрде бас тарту жолын ұсынған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!