Қазақстандықтарға Қытайға ұшуға қатысты жағымды жаңалық хабарланды

14:30, 24 қыркүйек 2026
MKZ: 1568688

© Фото: Zakon.kz

Бүгін, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Қытайға жаңа әуе бағыты ашылғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы комитеттің Telegram-арнасында жарияланды:

"Биыл 23 қыркүйекте қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Алматы – Чунцин жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты".

Ведомствоның нақтылауынша, рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A320neo ұшақтарымен орындалады.

"Қазақстан мен Қытай арасында әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді", – деп есептейді комитеттің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қытайдың ірі мегаполистерінің бірі арасында жаңа әуе бағыты ашылатыны 2026 жылғы 20 шілдеде белгілі болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!