Қазақстандықтарға Қытайға кіру және шығу ережелерінің өзгеретіні ескертілді
© Фото: pixabay
Қытайға баруды немесе осы елден ұшуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға әуежайға ертерек келу ұсынылды. Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және одан шығу тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Осыған байланысты иммиграциялық бақылау кезінде құжаттарды тексеру рәсімі әдеттегіден ұзаққа созылуы мүмкін.
"Қытайға баратын немесе осы елден ұшатын жолаушыларға сапарға қажетті құжаттарының, соның ішінде паспортының бар-жоғын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеруге, сондай-ақ ҚХР-ға кіру және одан шығуға қатысты өзекті талаптармен танысуға кеңес береміз", – делінген FlyArystan хабарламасында.
Сондай-ақ жолаушыларға паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастырып, әуежайға рейстің ұшу уақытынан кемінде үш сағат бұрын келу ұсынылды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшінде қала береді. Қазақстан азаматтары бір сапар барысында ҚХР аумағында визасыз 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады.
Бұған дейін, 6 қыркүйекте, Алматы халықаралық әуежайының Майлин көшесі жағындағы негізгі кіреберісі ашылғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:41, 7 қыркүйек 2026
«Күрең берет – 2026»: арнайы жасақтың 13 жауынгері үздік атанды
-
10:34, 7 қыркүйек 2026
Конституциялық сот: сот арқылы банкроттық рәсімінде кемсітушілік белгілері жоқ
-
10:24, 7 қыркүйек 2026
Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді
-
10:20, 7 қыркүйек 2026
Алматыда есірткі саудасының жолы кесілді: күдіктіден 1,5 келіден астам зат тәркіленді
-
10:11, 7 қыркүйек 2026
Қытайдың кесірінен 2026 жылдың соңына дейін 300 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін





