Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын пластикалық операцияларға пайдалана алмайды: бұйрыққа қол қойылды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 желтоқсанда емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесінен операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге, сондай-ақ мастэктомиядан кейін жүргізілетін қалпына келтіру және реконструктивтік (пластикалық) операциялар алып тасталды.
Осылайша, енді зейнетақы жинақтарының артығын төмендегі ем түрлеріне жұмсауға болады:
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша орфандық ауруларды емдеу, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және емдеу тактикасын анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер;
- радионуклидтік және радио-йод терапиясы;
- радиохирургиялық емдеу әдістері (гамма-пышақ, киберпышақ);
- протондық терапия.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін, 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап портал арқылы зейнетақы жинақтарын пластикалық операцияларға пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ, осы жылдың қараша айында Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын тіс пен көзді емдеуге пайдалануына да шектеу енгізгені туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:21, 18 желтоқсан 2025
Алматыда заңсыз салынған базар сүріліп жатыр
-
14:17, 18 желтоқсан 2025
Сенат Салық кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады
-
14:08, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбе облысында полицейлер жоғалған әжені жедел тапты
-
13:57, 18 желтоқсан 2025
Стоматологиядағы бала өлімі: анестезиологтың адвокаты сот тергеуін қайта бастауды талап етті
-
13:45, 18 желтоқсан 2025
СҚО-да 5 млн теңгеге жуық интернет-алаяқтық дерегі тергелуде





