Қазақстандықтар үшін құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салудың жаңа мерзімі қолжетімді

15:24, 4 желтоқсан 2024

© Сурет: "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі

eGov Mobile арқылы қазақстандықтар құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан 10 жылға дейін бас тарта алады. Бұл туралы 2024 жылғы 4 желтоқсанда "ҰАТ" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын пайдаланушылар 6 айдан 12 айға дейін тыйым салу мерзімін таңдай алатын.

"Енді құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше бас тартудың ең жоғары мерзімі 10 жылға ұзартылды. Қызмет кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңдары мен букмекерлік компаниялардың онлайн платформаларына қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет тек 21 жастан асқан адамдарға қолжетімді",- деп мәлімдеді ведомство.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасына кіріп, "Қызметтер" → "Спорт" бөліміне өтіңіз;
  • "Құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі сервис" таңдаңыз;
  • Шектеу аяқталатын жыл мен айды көрсетіп, "қызметке тапсырыс беру" түймесін басыңыз;
  • Өінімге жылдам қол жеткізу коды, Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.
"Өтініш бергеннен кейін пайдаланушы автоматты түрде құмар ойындарға қатысуына шектеу қойылған адамдардың тізіміне енгізіледі, өтінішті қайтарып алу мүмкін емес. Бұрын шектеу қойғандар үшін оның мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. Қайта өтініш берген жағдайда, жүйе пайдаланушыға шектеудің ағымдағы жағдайы туралы хабарлап, оны ұзартуды ұсынады".ҚР "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі

Бұған дейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің тізбесі кеңейтілгені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!