Қазақстандықтар уақытының қанша бөлігін ұйқыға, жұмысқа, тамаққа және демалысқа жұмсайды
© Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың ұйқыға, жұмысқа, тамаққа және демалысқа қанша уақыт жұмсайтынын есептеп көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жыл ішінде (қаңтардан желтоқсанға дейін) Ұлттық статистика бюросы "Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы" біржолғы модульдік зерттеуін жүргізді. Сауалнаманың мақсаты – халықтың өз уақытын пайдалануы туралы ақпарат алу, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті, өмір салтындағы өзгерістерді анықтау. 2024 жылы оған 10 және одан жоғары жастағы 11 914 респондент қатысты.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың (10 жастан асқан) орташа алғанда тәуліктің 54,2% (13 сағат) жеке күтімге (ұйқы – 9 сағат 26 минут), тамақ пен сусынға – 1 сағат 57 минут, жеке гигиена және күтім – 1 сағат 27 минутын жұмсайды. Ал қалған уақытының:
- 12,2% (2 сағат 56 минут) уақытын жұмысқа (жұмыспен қамтуға),
- 13,5% (3 сағат 14 минут) – үй шаруашылығын жүргізуге,
- 2% (28 минут) - оқуға,
- 0,8% (12 минут) – жеке пайдалану үшін тауарлар өндіруге жұмсайды,
- ал қалған 17,3% (4 сағат 9 минут) – бос уақыт.
15 жастан асқан ер адамдар күніне орта есеппен 5 сағат 13 минут жұмыс істейді, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 18 минутты құрайды. Алайда, әйелдерде үй шаруашылығын жүргізу ер адамдарға қарағанда (1 сағат 51 минут) ұзағырақ уақыт алады (4 сағат 5 минут). Ер адамдардың әйелдерге қарағанда бос уақыты шамамен 2 есе көп - сәйкесінше 4 сағат 4 минут және 2 сағат 56 минут.
Жұмыспен қамтылған ер адамдар жұмысқа орта есеппен 9 сағат 7 минут, әйелдер 7 сағат 57 минут жұмсайды, бос уақытқа сәйкесінше 2 сағат 31 минут және 1 сағат 50 минут қалады.
Зерттеу 6 жылда бір рет жүргізіледі.
Айта кетсек, 2024 жылы қалдықтар көлемі 11,4% өсті. Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 6 мамырда ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:47, 17 сәуір 2026
Қазақстанның 15 өңірінде ауа райы күрт нашарлайды: дауылды ескерту жарияланды
-
22:19, 17 сәуір 2026
Дәріхана атын жамылған: БҚО-да қылмыстық схема әшкереленді
-
21:51, 17 сәуір 2026
Жамбыл облысында мас жүргізуші полициядан қашпақ болды
-
21:07, 17 сәуір 2026
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілуде
-
20:48, 17 сәуір 2026
Ормуз бұғазы жабыла ма: Тегеран мәлімдемесі шиеленісті күшейтті





