Қазақстанның 15 өңірінде ауа райы күрт нашарлайды: дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: freepik
2026 жылғы 18 сәуірде Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік бағытта, күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15-20, кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жолдарда көктайғақ болады.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыс, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс, оңтүстік, күндіз облыстың оңтүстігі, солтүстігі және орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында түнде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 16 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, ал таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады. Жел солтүстік-шығыс, кей жерлерде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігі мен тау бөктерінде 1°С үсік жүреді. Батысында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде жаңбыр, найзағай, кейде тұман күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыс желі соғып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда желдің екпіні күндіз 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1-3°С үсік болады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, екпіні 15-20 м/с, күндіз кейде 23-28 м/с. Қостанай қаласында да жел күшейеді.
Алматы облысында батыс және солтүстік-батыс желі соғып, облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде тау бөктерінде 1-3°С үсік күтіледі. Қонаевта да желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыс, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с, Алакөл маңында түнде кейде 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде түнде 3°С үсік болады. Сонымен қатар өңірдің бірқатар бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында оңтүстік-батыс желі соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кейде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар қаласында да жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыс желі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, ал күндіз кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болады. Петропавлда да желдің күші 30 м/с және одан асады.
Бұған дейін Алматыда жаңбыр қашан тоқтайтындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 17 сәуір 2026
Дәріхана атын жамылған: БҚО-да қылмыстық схема әшкереленді
-
21:51, 17 сәуір 2026
Жамбыл облысында мас жүргізуші полициядан қашпақ болды
-
21:07, 17 сәуір 2026
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізілуде
-
20:48, 17 сәуір 2026
Ормуз бұғазы жабыла ма: Тегеран мәлімдемесі шиеленісті күшейтті
-
20:26, 17 сәуір 2026
Қазақстандық спортшы Өзбекстандағы әлем чемпионатында медаль қорын толықтырды





