«Әлем жолайрықта тұр»: Тоқаев Түркиядағы маңызды форумда өз сөзін неден бастады
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 17 сәуірде Анталия дипломатиялық форумының "Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties" панелдік сессиясына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, іс-шараны Түркия Парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы жүргізді.
Ең алдымен, мемлекет басшысы Түркия Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын айрықша атап өтті.
"Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта зор рөл атқаратынын айтқым келеді. Өңір әлсін-әлсін бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселелердің шешімін табуға елдеріміз айтарлықтай атсалыса алады деп ойлаймын. Орайлы сәтті пайдалана отырып, президент Ердоғанның келесі айда Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанымызды жеткізгім келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Содан кейін Қазақстан президенті биыл әлемдік қоғамдастық алдында тұрған және жақын перспективадағы халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын негізгі сын-қатерлер мен үрдістер жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.
"Дипломаттар мен саясаткерлер адамзат жолайрықта тұр дегенді мысал етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның: "Біз әлі де жолайрықта тұрмыз" деп жиі айтатыны есімде. Халықаралық шиеленісті азайтуға қатысты айтар болсақ, бұл жағдай ешқашан өзгермейді. Қазіргі қақтығыстар өңірлік ауқымнан шығып, жаһандық сипатқа ие болды. Әрине, БҰҰ – баламасы жоқ әмбебап ұйым, сондықтан әрбір мемлекетке белгілі бір жауапкершілік жүктеледі. Біріккен Ұлттар Ұйымына қолдау көрсету керек екенін жұрттың бәрі айтады. Бұл – факт. Бірақ Ұйымға қолдау көрсетіп қана қоймай, оған реформа жасау керек. Бұл да шындық. Ашығын айтқан жөн, "Ұйымға тез арада реформа жасалады" дегенге ешкім сенбейді. Өйткені БҰҰ-ны реформалау, өзгерту, қызметін қайта қарау мәселесін көптен бері көтеріп жүрміз. Одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, ең алдымен, Қауіпсіздік Кеңесінен басталуы керек екенін мойындауымыз қажет", – деді Мемлекет басшысы
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді тізіп бергенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:56, 17 сәуір 2026
Қытайда қазақстандық дзюдошы Азия чемпионы атанды
-
18:39, 17 сәуір 2026
-3°C-қа дейін үсік, найзағай мен шаңды дауылдар: 18 сәуірде қандай ауа райы күтіп тұр
-
18:23, 17 сәуір 2026
Алматы зообағында арыстанға тас лақтырған ер адам айыппұл арқалады
-
18:06, 17 сәуір 2026
Ағымдағы жұмыс аптасында заңнамада қандай өзгерістер болды
-
17:54, 17 сәуір 2026
«БҰҰ-да бәрі істен шыққан»: Тоқаев БҰҰ-ға қатысты сынға үн қосты





