Алматыда азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды

13:59, 17 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматыда премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді. Жүргізіліп жатқан мониторинг бағаның негізсіз өсуін тежеуге бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 17 сәуірде Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді:

"16 сәуірден бастап "Барыс-4" көтерме сауда нарығында тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен жүйелі бақылау жүргізілуде. Негізгі мақсат – негізсіз қымбаттауға жол бермеу және сауда үстемесінің белгіленген шектен (15%-дан аспауын) сақтау. Баға қалыптастырудың ашықтығына, делдалдар санын қысқартуға және дұрыс баға белгілерінің болуына ерекше көңіл бөлінуде. Кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде".

Билік өкілдерінің айтуынша, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Жағдай тұрақты бақылауда.

Бұған дейін Алматы тұрғындарына арзан бағамен азық-түлік сатып алуға болатын орындар туралы хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!