Қазақстандықтар 91 млн теңгенің қаруын өз еркімен тапсырды

13:22, 25 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

Қазақстан азаматтары 91 млн теңгенің қаруы мен оқ-дәрілерін өз еркімен тапсырды, деп мәлімдеді брифингте ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз, деп хабарлайды zakon.kz.

Халық арасында ақысының өтеуімен қаруды тапсыру бойынша биылғы жылдың 20 сәуірінде басталған дәстүрлі акция аяқталды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен биыл 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді, – деді Ораз.

Ол қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың техникалық жағдайына байланысты әрбір қару үшін 10-нан 100 АЕК сомасында төлем көзделетінін еске салды.

Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізілді.

Оның айтуынша, акция аясында полицияға 1000-нан астам азамат жүгініп, 1,4 мың дана атыс қаруын өз еркімен тапсырған. Олардың ішінде автоматты ойық ұңғылы – 1 бірлік, ойық ұзын ұңғылы – 197 бірлік, қысқа ойық ұңғылы (тапаншалар) – 3 бірлік, тегіс ұңғылы – 1 мың бірліктен астам, травматикалық – 19 бірлік бар.

Сондай-ақ, қазақстандықтар 1 кг жарылғыш заттар мен 57 мың қару патрондарын тапсырды. Брифингте ерікті түрде тапсырылған барлық атыс қаруы, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар заңнамада белгіленген тәртіппен жойылуға жататыны айтылды.

Мысал ретінде ол марқұм атасынан қалған, 1900 жылы шығарылған "Наган" револьверін тапсырған Қарағанды облысының тұрғынын келтірді. Комиссия револьверді экспонат ретінде Қарағанды облысы Полиция департаментінің мұражайына беру туралы шешім қабылдады.

Ең көп атыс қаруы Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тапсырылды. Бүгінде қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған азаматтардың өтініштері бойынша өңірлік комиссиялар 908 азаматқа 91 млн теңге төлеу туралы қорытынды шығарды, – деп хабарлады ІІМ ресми өкілі.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!