Қазақстандық саудагерден бір миллион теңгенің отшашуы тәркіленді
© Сурет: pixabay
Павлодар қаласында кәсіпкерден жалпы құны бір миллион теңгеге жуық отшашулар тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодарда көшеде отшашу сатып жүрген кәсіпкерге айыппұл салынды. Ер адамның тиісті лицензиясы болмағандықтан, барлық тауарын полиция қызметкерлері алып қойды. Бұл жөнінде "КТК" телеарнасы мәлімдеді.
Кәсіпкер әртүрлі пиротехникалық бұйымдарды микроавтобуспен қаладағы базарлардың біріне әкеліп, көліктің үстінен тікелей саудалаған. Дәл осы жайт құқық қорғау органдарының назарын аударған. Тексеру барысында сатушының қауіпті өнімді сатуға ешқандай рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды. Соның салдарынан барлық отшашу тәркіленіп, кәсіпкерге 50 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, өңірде Жаңа жыл қарсаңында отшашу сатушыларға бақылау күшейтілген. Белгілі болғандай, Павлодар облысында пиротехниканы заңды түрде сатуға бар болғаны төрт кәсіпкер ғана рұқсат алған.
Бұған дейін Қонаев қаласында төтенше жағдай жарияланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:21, 18 желтоқсан 2025
Алматыда заңсыз салынған базар сүріліп жатыр
-
14:17, 18 желтоқсан 2025
Сенат Салық кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады
-
14:08, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбе облысында полицейлер жоғалған әжені жедел тапты
-
13:57, 18 желтоқсан 2025
Стоматологиядағы бала өлімі: анестезиологтың адвокаты сот тергеуін қайта бастауды талап етті
-
13:45, 18 желтоқсан 2025
СҚО-да 5 млн теңгеге жуық интернет-алаяқтық дерегі тергелуде





