Қазақстандық фильм Қазандағы кинофестивалінде жеңіске жетті
XIV Қазан халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін («Үздік толық метражды фильм» номинациясы) қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» драмасы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейдегі ҚР Елшілігі хабарлағандай, Қазақстан мен Францияның бірлесіп түсірген телетуындысы 2018 жылдың мамырында Канн кинофестивалінде алғаш рет ұсынылып, ондаған әлемдік кинофорумның қазылар алқасын тәнті еткен болатын.
Ә.Ержановтың фильмі Қазан кинофестивалінде «фестивальдік сапарды» аяқтап, 20 қыркүйекте Қазақстанда және бірқатар Еуропа елдерінде прокатқа шығады.
Киноға сұлу, бірақ кедей қыз Салтанат пен Қуандықтың махаббаты арқау болған. Салтанатты дәулетті ағайына жібереді. Ағайы оны бизнес серіктесіне тұрмысқа бермек болады. Қуандық сүйіктісінің артынан үлкен қалаға аттанады.
Туындыда бас кейіпкерлердің үлкен қаладағы қиындықтары бейнеленген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 10 мамыр 2024
Баян Алагөзова Snoop Dogg-қа шапан жапты
-
22:21, 10 мамыр 2024
Бублик те, Шевченко да Римдегі жарыстың екінші айналымында есе жіберді
-
21:50, 10 мамыр 2024
Ақтауда бір топ оқушының құрдасын ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
-
21:10, 10 мамыр 2024
Дәстүрді дәріптеген Зейнеп Ахметова шымкенттік жастармен кездесті
-
21:00, 10 мамыр 2024
Президент Әкімшілігінің басшысы шетелден қайтарылған активтердің қалай игеріліп жатқанын айтты