Қазақстандық балуан: Ел үмітін ақтай алмадым, кешірім сұраймын
© Сурет: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңілген соң, журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, Әлішер Ерғали кешегі жарыс күнінде Олимпиаданың финалисі Ахмед Тажудиновке, бүгін ирандық Азарпира Амиралиден жеңілді.
"Өмірімдегі екінші Олимпиада болған соң, қатты медаль алғым келді. Білмеймін, дайындығым жетпей қалған сияқты.
Кеше Тажудиновпен белдесу жақсы басталған. Ағайларымның тактикасымен оны кілемнен шығарып, шаршатуым керек еді. Бірақ асығып кеттім. Өкінішті.
Ал бүгінгі белдесудегі қарсыласым да өте мықты. Лос-Анджелес Олимпиадасына да барамын деп нақты айта алмаймын.
Ел үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын", - деді Ерғали.
Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасында 97 келі салмақта белдесті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:04, 10 наурыз 2026
Этери Тутберидзе Грузия президентінен марапат алу рәсіміне қатыспады
-
14:52, 10 наурыз 2026
Алматы қаласының танымал мұғалімі әріптестерінің жұмысын жоғары бағалады
-
14:43, 10 наурыз 2026
Алматы тұрғындарына ескерту: кей аудандарда жарық уақытша өшеді
-
14:30, 10 наурыз 2026
Астанада жерасты тоннельінде болған «ерекше» жол апатының мән-жайы белгілі болды
-
14:22, 10 наурыз 2026
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Испания жағалауын қазақ ауылына айналдырды





