Қазақстандық авиакомпания құстармен соқтығысуына байланысты рейстер кестесін өзгертті
© Сурет: pixabay
SCAT әуе компаниясының әуе кемелері құстармен соқтығысу салдарынан зақым алған. Мұндай жағдайлар форс-мажорлық мән-жайлар санатына жатады және тасымалдаушы тарапынан бақылауға келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе компаниясы мұндай жағдайларға қарамастан, рейстер кестесін қысқа мерзімде тұрақтандыру үшін бар күшін салуда екенін мәлімдіді. Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі.
Анталья – Астана және Актөбе – Анталья бағыттарында келесі өзгерістер орын алды:
- Антальяда резервтік әуе кемесінің келуін күту кезінде жолаушыларға қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ыңғайлы жағдайлар толық қамтамасыз етілді. Ұшу 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған.
- Актөбеде ұшуды күтіп отырған жолаушыларға ыстық тағам және сусындар ұсынылуда. Компания өкілдері мен туроператорлар жолаушылармен тұрақты байланыста, кесте қажеттілікке қарай түзетілуде.
Әуе кемелерінің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылғы 23 маусымда келесі бағыттарда рейстердің кешігуі мүмкін:
- Алматы – Шарм-эль-Шейх
- Алматы – Анталья
- Анталья – Алматы
Сондай-ақ, халықаралық жағдайға және жекелеген әуе кеңістіктерінде уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған Астана – Доха рейсі тоқтатылды.
Бұған дейін Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарлануда екенін жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды
-
19:57, 18 желтоқсан 2025
Қостанай облысында жабық жолда тәртіп бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
-
19:30, 18 желтоқсан 2025
Талдықорғанда синтетикалық есірткі сақтаған Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
-
19:22, 18 желтоқсан 2025
Астанадағы заңсыз техника саудасы: 600-ден астам телефон тәркіленді





