Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды

19:45, 25 шілде 2026
MKZ: 1558025

© Сурет: olympic.kz

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді.

15 жасқа дейінгілер арасындағы аралас жұптық сында Олег Яковлев пен Мария Лукьянова қола жүлдеге ие болды.

Турнир барысында отандық спортшылар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Малайзия өкілдерін жеңді. Ал жартылай финалда Үндістан құрамасына жол беріп, үшінші орынға ие болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!