Қазақстандағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыз адамдар саны жарияланды
© Фото: pixabay
Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 13 ақпанда өткен жылға арналған еңбек нарығы жағдайын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы IV тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын таңдаулы зерттеу деректері бойынша республикада 9 278 900 адам әртүрлі салаларда жұмыс істеген, олардың ішінде:
- 7 142,1 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77%) жалдамалы қызметкер
- 2 136,8 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
- 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,6% құрады.
2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 81,9 мың адамға, негізінен жалдамалы қызметкерлер есебінен өскен.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17%), білім беру (13,2%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,3%) салаларында байқалды.
IV тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.
Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 5,8% болса, 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 13 ақпан 2026
Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі екі есеге өсті
-
17:53, 13 ақпан 2026
ШҚО әкімдігі Жақсылық Омардың «ұсталғаны» туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
-
17:51, 13 ақпан 2026
Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады
-
17:33, 13 ақпан 2026
АҚШ елшісі Алматыдағы консульдық ғимаратының құрылысына қатысты пікір білдірді
-
17:18, 13 ақпан 2026
ҰҚШҰ күштері Қазақстанға келеді





