ҰҚШҰ күштері Қазақстанға келеді
© Сурет: akorda.kz
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) оқу-жаттығулары 2026 жылы ұйымға мүше бірнеше елдерде, соның ішінде Қазақстанда да өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штаб бастығы, генерал-полковник Андрей Сердюков арнайы брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, 2026 жылы бірлескен және шұғыл даярлық бойынша 60 іс-шара, оның ішінде сегіз командалық-штабтық және арнайы оқу-жаттығуларды өткізу жоспарланып отыр.
"Қыркүйек айында Қазақстан Республикасының аумағында "Рубеж" Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерінің бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу өткізілмек. Қыркүйек-қазан айларында Ресей Федерациясында "Поиск" ұжымдық жедел әрекет ету күштері мен барлау құралдарын тарта отырып, "Эшелон материалдық-техникалық қамсыздандыру бойынша "Өзара әрекеттесу" командалық-штабтық жаттығулар жүреді. Қазан айында Тәжікстан Республикасының аумағында "Кобальт" арнайы оқу-жаттығуы және "Скала" арнайы оқу-жаттығуы өтеді, - деді спикер.
Сонымен қатар, Беларус елінде "Мызғымас бауырластық" бітімгершілік күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу және "Тосқауыл" радиациялық-химиялық, биологиялық қорғаныс және медициналық қамтамасыз ету күштерімен бірлесе арнайы оқу-жаттығу өтеді.
Сердюков стратегиялық командалық-штабтық жаттығу кезінде бірлескен жаттығуларға тартылатын ұжымдық күштердің барлық компоненттерін қолдану мәселелері пысықталатынын да нақтылады.
"Жаттығуға терроризмге қарсы орталық, ТМД Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы хатшылығы өкілдерінің бақылаушылар ретінде қатысуы жоспарлануда. Стратегиялық жаттығуда пысықталған құжаттар алдағы бірлескен оқу-жаттығу жоспарларына негіз болады", деп сөзін түйіндеді ол.
2026 жылғы қаңтарда мәжіліс депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік күштерінің мәртебесі және әскери құралымдарды тасымалдау жөніндегі ҰҚШҰ келісімдеріне хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алды.
Айта кетсек, Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 14 қаңтардағы пленарлық отырыста Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының күш құрылымдарының мәртебесі және әскери құрамаларды тасымалдау жөніндегі келісімдеріне енгізілген өзгерістер мен түзетулерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарауға алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:35, 13 ақпан 2026
Алматы облысында көктайғақтың кесірінен жүк көлігі полиция көлігіне соғылды
-
18:10, 13 ақпан 2026
Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі екі есеге өсті
-
17:53, 13 ақпан 2026
ШҚО әкімдігі Жақсылық Омардың «ұсталғаны» туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
-
17:51, 13 ақпан 2026
Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады
-
17:33, 13 ақпан 2026
АҚШ елшісі Алматыдағы консульдық ғимаратының құрылысына қатысты пікір білдірді





