Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекет алдындағы берешегі миллиардтаған теңгеге жетті
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров 2026 жылғы 8 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекет алдындағы берешегінің көлемін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, берешектің бір бөлігі өтелген.
"Қазіргі таңда берешек көлемі 17 млрд теңгені құрайды. Оның 5,2 млрд теңгесі төленді. Қалған қаражатты өндіріп алу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Көптеген жер қойнауын пайдаланушылар сотқа жүгінеді, сондықтан берешекті өндіріп алу сот тәртібімен жүзеге асырылуда", – деді Ерлан Ақбаров.
Вице-министрдің айтуынша, берешек келісімшарт талаптарының орындалмауына байланысты қалыптасқан.
"Келісімшарттарда тоғыз түрлі міндеттеме қарастырылған. Олардың қатарында өндіру көлемінің орындалмауы, қазақстандық қамту үлесінің сақталмауы, бұрғылау көлемінің орындалмауы, ішкі нарыққа өнім жеткізбеу және басқа да талаптар бар. Осы көрсеткіштердің орындалуына байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде", – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Энергетика министрлігі Қазақстандағы көмір қоры және оны өндіру жоспарлары туралы мәлімет жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:37, 8 шілде 2026
Қазақстандағы жылыну қарқыны әлемдік көрсеткіштен жоғары – «Қазгидромет»
-
16:29, 8 шілде 2026
Қазақстанда бұған дейін тыйым салынған шайдың бір түрін сатуға қайта рұқсат берілді
-
16:13, 8 шілде 2026
Олжас Бектенов су саласындағы жобалардың кешігуін сынға алып, әкімдерге үндеу жасады
-
16:04, 8 шілде 2026
Жамбыл облысында 71 тонна қарасора жойылды
-
15:52, 8 шілде 2026
8 шілдедегі сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды





