Қазақстандағы жаппай жарықтың өшуі: себебі белгілі болды
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанның электр желілерін басқару жөніндегі ұлттық операторы KEGOC АҚ елдегі электр энергиясының жаппай өшуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компанияның мәліметінше, электр энергиясын берудегі іркілістер Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде болған технологиялық ақаудан кейін тіркелген.
"2026 жылғы 14 тамызда сағат 14:37-де Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде технологиялық ақау болып, соның салдарынан кернеуі 500 кВ "Ағадыр – Үлкен" Л-5300 және Л-5320, сондай-ақ "Ақтоғай – Талдықорған" Л-5400 электр беру желілері ажыратылды. Нәтижесінде Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесі оқшауланған жұмыс режиміне көшті", – делінген түсініктемеде.
Алдын ала жедел мәлімет бойынша, технологиялық ақауға Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесі тарапынан қуаттың күрт артуы себеп болған.
"Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі ақау салдарынан тұтынушыларды электр энергиясымен қамтуға енгізілген шектеу көлемі шамамен 2810 МВт болды. Жүйелік оператор қалпына келтіру жұмыстарын дереу бастады. Сағат 14:47-де Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарында 295 МВт көлеміндегі шектеулер алынып тасталды", – деп хабарлады компания.
Қазіргі уақытта KEGOC тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
14 тамызда күндіз Алматы мен Алматы облысында электр энергиясы жаппай өшті. KEGOC АҚ-ға тиесілі әуе электр беру желілерінің апатты жағдайда ажыратылуы салдарынан "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылды. Сондай-ақ Шымкент пен Талдықорған тұрғындарынан электр энергиясын берудегі іркілістер туралы шағымдар түсе бастады.
Бұдан бөлек, Қырғызстан мен Тәжікстанның кейбір қалаларында да электр жарығы өшті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:55, 14 тамыз 2026
Астанадан Абай облысына синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді
-
18:34, 14 тамыз 2026
Қазақстанда электр жарығын қалпына келтіру жұмыстарына қатысты тың мәлімет жарияланды
-
18:24, 14 тамыз 2026
Сенбіде еліміздің 10 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады
-
18:05, 14 тамыз 2026
Полиция формасындағы алматылық блогер әдепсіз би билеп, желіде көптеп қаралым жинаған
-
17:45, 14 тамыз 2026
Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады





