Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
© Фото: zakon.kz
Ақтөбеде жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық күдігімен әйел адам ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, оның әрекетінен Қосшы қаласының кем дегенде екі тұрғыны зардап шеккен. Жалпы шығын көлемі 22 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел пәтер сатуды желеу етіп, азаматтардан 14 млн және 8 млн теңге алып, кейін бой тасалаған. Шілде айында оған іздеу жарияланған болатын.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің Ақтөбеде жүргенін анықтады. Жергілікті әріптестердің көмегімен ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ұсталғанға дейін әйелдің қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істегені белгілі болды. Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар оның жұмысқа орналасу мән-жайын және жұмысқа қабылдау кезінде ұсынған құжаттарының түпнұсқасын тексеріп жатыр. Сонымен қатар тегреушілер жалған құжаттар мен анықтамаларды пайдалану нұсқасын да қарастыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:20, 10 қыркүйек 2026
Тоқаев Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
-
23:43, 9 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды
-
22:57, 9 қыркүйек 2026
Оқушы қыз орамалы: ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігі мен уәкілетті органдарға ұсыныс жасады
-
22:36, 9 қыркүйек 2026
Ақмола облысында алтын кенін заңсыз өңдеген екі шағын цех анықталды
-
21:56, 9 қыркүйек 2026
Рақымшылық шарасы: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шығып үлгерді





