Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауыты: жоспарлар мен құрылыс мерзімі
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев 2026 жылғы 17 ақпанда Үкімет отырысында жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылыс мерзімдерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жаңа зауытқа қажетті шикізат көздері мен өнім түрлерін, сондай-ақ жанар-жағар май өнімдеріне сұраныс болжамдары мен әлеуетті нарықтарды ескере отырып бастапқы мәліметтерді әзірлеу жұмыстары басталған.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2026–2033 жылдары 10 млн тонна жылдық қуаты бар жаңа мұнай өңдеу зауытын технико-экономикалық негіздемесін жасау, жобалау, құрылыс және іске қосу жұмыстары жүргізіледі", – деді Тұткышбаев.
Осы арқылы елдегі өңдеу қуаты жылына 40 млн тонна мұнайға жетеді деп жоспарланып отыр.
"Мұндай кешенді жұмыс уақытты қажет етеді, сондықтан нәтижелер бірнеше ай ішінде қосымша ұсынылады", – деп қосты Тұткышбаев.
Бұған дейін төртінші мұнай өңдеу зауытының Улытау облысында салынуы мүмкін екені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:15, 11 наурыз 2026
Алматыда полицейлер бір тоннадан астам алкоголь өнімін тәркіледі
-
20:47, 11 наурыз 2026
Алматыда полиция қызметкері ауладағы әжетханаға құлап кеткен қызды құтқарып қалды
-
20:26, 11 наурыз 2026
Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолақтыға кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды
-
20:12, 11 наурыз 2026
Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады
-
19:43, 11 наурыз 2026
12 наурызда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





