Қазақстандағы Италия елшілігі виза беруді уақытша тоқтатты
© Сурет: freepik
Қазақстандағы Италия елшілігі 2026 жылғы 23 қаңтарда визалық қызметтерді уақытша тоқтатылуына байланысты маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты визалық өтініштерді өңдеу жүйесі 2026 жылғы 12–18 ақпан аралығында қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты Қазақстанда тұратын өтініш берушілер үшін құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімдері төмендегідей:
- Астана — құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 11 ақпанVFS Global визалық орталығында ("Kaskad" бизнес орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, 111-кеңсе, 11-қабат).
- Атырау, Алматы, Шымкент және Өскемен — құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 6 ақпан тиісті VFS Global визалық орталықтарында.
"Визалық өтініштерді қабылдау және өңдеу жұмыстары 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап қалыпты режимде қайта жалғасады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және өтініштеріңізді алдын ала жоспарлауды ұсынамыз". Қазақстандағы Италия елшілігінің баспасөз қызметі
Өзекті ақпарат алу үшін Қазақстандағы Италия елшілігінің ресми сайтына өту немесе тиісті VFS Global орталығына хабарласу ұсынылады.
Бұған дейін қазақстандықтарға АҚШ елшілігі жасаған ерекше ұсыныс туралы жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:00, 8 ақпан 2026
Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды
-
09:46, 8 ақпан 2026
Жексенбіде Астана мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды
-
09:01, 8 ақпан 2026
Қазақстандық конькимен жүгірушілер 2026 жылғы Олимпиадада үздік ондыққа енді
-
21:21, 7 ақпан 2026
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды
-
19:31, 7 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті





