Америкалық актер Винсент Пасторе қайтыс болды
© Сурет: kino-teatr.ru
Америкалық актер, "Клан Сопрано" сериалында Сальваторе "Биг Пусси" Бонпенсьеро рөлін сомдаған Винсент Пасторе 80 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Deadline басылымының мәліметінше, актердің денесі 2026 жылғы 1 тамызда Нью-Йорктің Бронкс ауданындағы үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне денсаулығына байланысты себептер әсер еткен. Сот-медициналық сараптама бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ.
Винсент Пасторе 1946 жылғы 14 шілдеде Бронксте дүниеге келген. Вьетнамдағы әскери қызметін аяқтаған соң Пейс университетін тәмамдап, актерлік мансабын бастады. Әлемге танылмай тұрып ол "Даңқты жігіттер" (Goodfellas), "Карлито жолы" (Carlito's Way) және "Готти" (Gotti) фильмдерінде ойнаған.
Актерге ең үлкен танымалдықты "Клан Сопрано" сериалындағы Тони Сопраноның жақын досы әрі кейін ФБР-дың ақпарат берушісіне айналған Биг Пусси рөлі әкелді. Кейіпкердің қазасы сериалдағы ең есте қалған көріністердің бірі саналады.
Шығармашылық жолында Пасторе "Миккидің көк көздері" (Mickey Blue Eyes), "Акуланың хикаясы" (Shark Tale), "Вегастағы бойдақтар кеші" (The Hangover), "Револьвер" (Revolver) және басқа да жобаларда ойнады. Сонымен қатар ол телехикаялар мен реалити-шоуларға тұрақты қатысып тұрды.
Актердің артында қызы, күйеу баласы және немересі қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:53, 3 қыркүйек 2026
Балиде бассейнге түскен турист көзінен айырылып қала жаздады
-
08:45, 3 қыркүйек 2026
Күн энергетикасы Қытайдағы ең ірі электр қуаты көзіне айналды
-
08:36, 3 қыркүйек 2026
Әкесі ұлын құтқару үшін 40 келі салмақ тастады
-
08:12, 3 қыркүйек 2026
Алтын бағасы қысқа уақыт ішінде күрт төмендеді
-
21:25, 2 қыркүйек 2026
Археологтар Иса пайғамбардың жерленген жеріне қатысты тың мәліметтер тапты





