Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көктөбе саябағында аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткейдің көріктендіру жұмыстары аяқталды.
Алматы қаласының Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ауқымды көгалдандыру және көркейту нәтижесінде мұнда серуендеуге арналған бағыттар, шолу алаңдары мен Алматының көркем көрінісі ашылатын жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.
Жобаның басты ерекшелігі – гүлдеу кезеңінде тау бөктеріне ерекше көрік беретін лаванда террасалары. Мұнда ерте көктемнен күз соңына дейін сәнін жоғалтпайтын 20-дан астам көпжылдық өсімдік, сәндік бұта мен астық тұқымдас өсімдіктер егілген. Ландшафтық композицияны гортензия, тобылғы, шатыраш, көкжалбыз (котовник), қызылкүрең және сәндік астық тұқымдас өсімдіктер толықтырады.
Жобаны іске асыру барысында табиғи жер бедерін сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Беткейлер эрозиядан қорғау үшін габион құрылымдарымен бекітіліп, келушілердің жайлы серуендеуі үшін табиғи ландшафтпен үйлесімді кіріктірілген жүргінші жолдары, баспалдақтар және шолу алаңдары салынды.
Жаңа қоғамдық кеңістік келушілер үшін ашық. Гүл композициялары саябақтың әр тұсынан анық көрінеді, ал серуен бағыттарынан Алматы қаласы мен Іле Алатауының әсем көрінісі ашылады. Жаңа гүлді беткей табиғат пен заманауи ландшафтық дизайн үйлесім тапқан қаланың көрікті орындарының біріне айналды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 3 тамыз 2026
Алматыда есірткі таратумен айналысқан кәмелетке толмаған бойжеткен ұсталды
-
11:55, 3 тамыз 2026
Кроссовер жол жиегіндегі орға аударылып кетті: Қостанай облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды
-
11:48, 3 тамыз 2026
«Мені жіберіңіздер!»: Полиция мен жасөспірім арасындағы келеңсіз оқиға Қазнетте қызу талқылануда
-
11:34, 3 тамыз 2026
Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен екі аптадан бері табылмай жатыр
-
11:28, 3 тамыз 2026
Кімдердің миллиардер атану мүмкіндігі жоғары екенін Бағдат Мусин түсіндірді





