Батыс Қазақстанда 6,2 мың гектардан астам жер ауыл тұрғындарына берілуі мүмкін
© Фото: pexels
Батыс Қазақстан облысында пайдаланылмай жатқан 6,2 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір прокуратурасының 2026 жылғы 3 тамызда таратқан мәліметінше, тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушының учаскелерді ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды. Осылайша олар жер заңнамасының талаптарын бұзған.
Нәтижесінде жалпы аумағы 6200 гектардан асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Олардың кадастрлық құны 75 млн теңгеден асады.
Қазір қайтарылған жерлерді заңды экономикалық айналымға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдар оларды адал еңбек етіп жүрген ауыл тұрғындарына беруді жоспарлап отыр.
Бұған дейін, 28 шілдеде, Алматы прокуратурасы қала орталығында орналасқан теміржол ауруханасының ғимараты мен екі жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарғаны хабарланған еді. Қайтарылған мүліктің жалпы құны 2 млрд теңгеден асады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 3 тамыз 2026
Алматыда есірткі таратумен айналысқан кәмелетке толмаған бойжеткен ұсталды
-
11:55, 3 тамыз 2026
Кроссовер жол жиегіндегі орға аударылып кетті: Қостанай облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды
-
11:48, 3 тамыз 2026
«Мені жіберіңіздер!»: Полиция мен жасөспірім арасындағы келеңсіз оқиға Қазнетте қызу талқылануда
-
11:34, 3 тамыз 2026
Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен екі аптадан бері табылмай жатыр
-
11:28, 3 тамыз 2026
Кімдердің миллиардер атану мүмкіндігі жоғары екенін Бағдат Мусин түсіндірді





